ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Олжас Сүлейменов Әзірбайжан халқына қолдау білдірді

Ол Минск тобына кіретін мемлекет басшыларын сынға алды

Sputnik Азербайджан

Қазақстандық ақын, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов AzTV телеарнасына шығып, Әзірбайжан халқына үндеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Trend ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Әзірбайжан менің жаныма жақын бауырлас ел. Сондықтан бұл ұлы халыққа мен шын ниеттіммен жанашырлық танытамын. Мен Бакуде, Гянджада, Шушада, Физулиде және өзге де қалаларда керемет күндерді өткіздім. Мұның барлығы Кеңестік заманда болды. Мен қазіргі жағдайдан хабардармын. Біз бәріміз бұл қиындықпен 30 жыл бойына өмір сүріп келеміз. 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында болған қайғылы оқиғалар жанымызға бататыны сөзсіз. 1990 жылдардағы қара қаңтар кезінде мен сол жерде болдым» - деді Олжас Сүлейменов

Жазушының айтуынша, Таулы Қарабақтағы бүгінгі жағдай Минск тобына кіретін елдердің әрекетсіздігінің «нәтижесі».

«Өкінішке қарай, 30 жыл бойына олар ешқандай шара қолданған жоқ. Сондықтан, Әзірбайжан өз жерлерін босатуға мәжбүр болды» - деді жазушы.

Олжас Сүлейменов кейбір елдімекендердің басқыншылықтан босағанына қуанышты екенін білдірді.

«Мен Физули қаласының қысымнан босағанын естідім. Қазір ол жақтың қандай екенін білмеймін. Бірақ мен болған жылдары көз тартатын керемет шаһар саналған. 30 жыл қысымда болған жеті аудан босатылады деген үміттемін. Минск тобы да жағдайды дұрыс бағалап, Әзірбайжанның өз жерін қайтарып алу бастамасын қолдайды деген ойдамын. Әзірбайжан еліне жетістіктер тілеймін. Халқына ерекше құрмет танытып, бауырлас елге тыныштық пен бейбітшілік тілеймін», - деді Сүлейменов.

Айта кетейік, Таулы Қарабақтағы қақтығыстар биыл 27 қыркүйекте басталған. Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, екі тарапта қаза тапқандар саны 5 мың адамға жуықтаған.