$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2020, 10:40
Саясат

Кісі ұрлығы үшін сотталған адам Қырғыз үкіметіне билікке келді

Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Садыр Жапаров премьер-министр лауазымына заңсыз бекітілді деп санайды

Кісі ұрлығы үшін сотталған адам Қырғыз үкіметіне билікке келді

Қырғызстанда 10 қазан күні жаңа премьер-министр тағайындалды. Алайда, Бішкекте бұрын істі болып, түрмеде отырып шыққан Садыр Жапаровқа қарсы болып жатқандар көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Исхак Масалиев Садыр Жапаров премьер-министр лауазымына заңсыз бекітілді деп санайды.

Оның айтуынша, 10 қазанда «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Жогорку Кенештің жиналысында қабылданған шешімдердің заңдылығын сотта даулауға болады.

«Егер ертең президент Сооронбай Жээнбеков Садыр Жапаровты Үкімет басшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қоятын болса, онда бұл жүйенің күйрегені. Шынымды айтсам, мен Мемлекет басшысымен және бұрынғы әріптестеріммен не болып жатқанын мүлдем түсінбеймін, олар неден немесе кімнен қорқады? Президент қайда? Сооронбай Жээнбековті бір жерде күшпен ұстап тұратын сияқты. Неліктен ол сенбіде Жогорку Кенештің отырысына келмеді?», - деді экс-депутат.

«5 қазанда митинг жасағандар осыны қалады ма? Жоқ. Олар тек сайлаудың қорытындысын жоққа шығарғысы келді. Ал нәтижесінде, құқықтық вакханалия ғана орнады», деді экс-депутат.

Ал The New York Times басылымы «адамдарды ұрлағаны үшін сотталған адам сенбіде Орталық Азия еліндегі бір аптаға жуық зорлық-зомбылықты тоқтату мақсатында Қырғызстанның премьер-министрі болып сайланды» деп жазды.

Басылымның хабарлауынша, қылмыстық күш билікті басып алды деп алаңдаушылар көп.

«Зорлық-зомбылық негізінен, Жапаров мырзаның жақтастары тарапынан жалғасты, олар премьер-министрдің қарсыласы Омурбек Бабановтың жақтастарына тас пен басқа да снарядтар лақтырып, журналистерге шабуыл жасады. Бірнеше оқ атылды. Тәртіпсіздіктер өткен жексенбіде парламенттік сайлауда партиялардың жеңісіне қатысты көпшіліктің наразылығынан басталды. Дауыстарды сатып алу туралы пікірлер айтылды», - деп жазды The New York Times.

Мәскеудегі Орталық Азия бойынша сарапшы Аркадий Дубновтың айтуынша, аймақ губернаторын ұрлауды ұйымдастырғаны үшін 2013 жылы қамалған Жапаров мырза 11 жыл бойы түрмеде отырып, бірнеше күн бұрын ғана босатылды. Ол «оның жақтастары күш көрсеткендіктен» ғана жеңіске жетті дейді.

Америкалық басылым өткен аптада түрмеден босатылғандардың арасында сыбайлас жемқорлық үшін 11 жыл жазасын өтеп жатқан бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың және бұрынғы екі премьер-министр болғанын атап өтті.

Мәскеулік сарапшы Дубнов «Бұл елде қандай да бір жолмен қылмысқа қатысы жоқ саясаткерді табу өте қиын» деп өз пікірін қосты.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазан күні Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс отырысында Үкімет басшысы қызметіне Садыр Жапаровтың кандидатурасы бекітілді. Заңгерлер бұл шешімнің заңдылығына күмән келтірді — Парламент регламентінің бірқатар рәсімдері бұзылды.

Серіктес жаңалықтары