«Маған билік керек емес!»: Атамбаев мәлімдеме жасады
Бүгін Бішкекте түрлі саяси күштердің митингілері өтуде

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев митингіге қатысушылардың алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, егер оған билік керек болса, онда ол екінші мерзімге қалар еді.
«Мені көптеген адамдар, соның ішінде басқа елдердің, тіпті, кейбір еуропалық елдердің президенттері де көндірді. Мен билікті бейбіт жолмен беру үшін арнайы прецедент жасадым. Атамбаевқа билік керек емес. Барлық жастар, сіздердің бәріңіз маған балаларым сияқтысыздар. Мен 2010 жылы Уақытша үкіметке қарсы шықтым, өйткені елде заңсыздық болмауы керек», - деді ол.
«Сіз мас адамды көресіз – бұл арандатушы, бетін жасырса, бұл да арандатушы. ҰҚК қылмыскерлерге көмектеседі», деді ол.
Атамбаев сондай-ақ, халықты өзінің ақша таратып жатпағанына сендірді.
«Мен түрмеден енді шықтым. Менің әйелім Раяның барлық шоты "арестке" алынды. Рая 500 сомның өзін қарызға алып жүрді», - деді Атамбаев.
Бүгін Бішкекте түрлі саяси күштердің митингілері өтуде. Ескі алаңда Садыр Жапаровтың жақтастары митингіге шықты, Ала-Тоо алаңына Омурбек Бабановты министрлер кабинетінің басшысы лауазымына ұсынған партиялар жиналуға ниетті.
Ал Алмазбек Атамбаев, сондай-ақ бұрынғы премьер-министрлер Сапар Исаков пен Өмірбек Бабанов Бішкектегі «Форум» ғимаратының жанында өтіп жатқан наразылық акциясына қатысушыларға қосылған болатын.