$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2020, 18:38
Саясат

Путин, Трамп және Макрон Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты бірлескен мәлімдеме жасады

Үш елдің басшысы тараптарды ұрыс қимылдарын тез арада тоқтатуға шақырды

Путин, Трамп және Макрон Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты бірлескен мәлімдеме жасады

ЕҚЫҰ Минск тобына тең төрағалық ететін елдердің атынан Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президенті Дональд Трамп және Франция президенті Эммануэль Макрон Таулы Қарабақ қақтығыс аймағындағы байланыс сызығында болып жатқан жағдайға қатысты бірлескен мәлімдеме жасап, зорлық-зомбылықтың өршуін қатаң түрде айыптайтынын жеткізді. Үш президенттің бірлескен мәлімдемесі kremlin.ru сайтында жарияланды.

«Біз қаза тапқандар мен жараланғандардың жақындарына көңіл айтамыз. Қатысушы тараптардың қарулы күштері арасындағы ұрыс қимылдарын тез арада тоқтатуға шақырамыз», - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ Армения мен Әзірбайжан басшыларын ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағаларының көмегімен ешбір алғышарттарсыз келіссөздерді қайта бастауға міндеттемелер қабылдауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары