Алматыда праймериз кандидаттарының жария пікірсайысы аяқталды

Үміткерлер қаладағы ең өзекті проблемаларды көтерді

Алматыда праймериз кандидаттарының жария пікірсайысы аяқталды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының сегіз ауданында пікірсайысқа 200-ге жуық кандидат қатысты, олар бұрын өткізілген жеребе бойынша топтарға бөлінді. Екі апта бойы праймеризге қатысушылар алматылықтарға мегаполис проблемаларын шешу жолдарын ұсына отырып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.

Пікірталастардың ең танымал тақырыптары ЖЭО-2 экологияландыру, Денсаулық сақтау мекемелеріндегі медициналық қызмет көрсету сапасы және оқушыларды қашықтан оқыту мәселелері болды.

Өткен жария пікірталастардың ерекшелігі – жүргізуші және оппоненттерден басқа, праймериз үміткерлеріне өмірдің түрлі салалары бойынша Алматы тұрғындары сұрақ қойды. Бұл партияның аудандық филиалдарының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы жасалды. Мысалы, мұқтаж азаматтар үшін тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі бағдарламаларға, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дағдарыстан шығару тетіктері бойынша сұрақтар келіп түсті.

Дебаттар барысында келіп түскен алматылықтардың тілектері мен ұсыныстарының басым бөлігі ескеріліп, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасына енгізілетін болады.

Естеріңізге салсақ, праймериз қатысушыларына 1-3 қазан аралығында Primaries 2020 мобильді қосымшасы немесе www.primaries.kz веб-портал арқылы дауыс беруге болады

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.