Тоқаев Чакрабартимен кеңес өткізді
Экономикалық дамуды ілгерілету және ҚР-ға инвестициялар тарту тақырыптары талқыланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесшімен, реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бейнехабар тарату барысында Жоғары Кеңес Төрағасының кеңесшісі, реформалар жөніндегі орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен экономикалық дамуды ілгерілету және ҚР-ға инвестициялар тарту жөніндегі жұмысына, сондай-ақ Кеңестің алғашқы отырысын қазан айында дайындауға қатысты мәселелер талқыланды», - деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте Сума Чакрабарти Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болғаны белгілі болды.