Самарқанд қаласында Қазақстанның бас консулдығы ашылады

Автор: Azattyq Rýhy

Тоқаев жарлыққа қол қойды

Фото: Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі

Мемлекет басшысы Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды.

«Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының бас консулдығы ашылсын. Қазақстан Үкіметі осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», - делінген құжатта.

Осы жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.