Трамп БҰҰ-ны Қытайды COVID-19 пандемиясы үшін жазалауға шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол COVID-19-ды «Қытай вирусы» деп атады

Фото: ашық дерек көзінен

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ БА-ның 75-ші сессиясында сөйлеген сөзінде ұйым коронавирустық пандемияның пайда болуы үшін Қытайды жазаға тартуы керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы Қытайды оның әрекеттері үшін жауапқа тартуы керек»,- деді Трамп.

Ол тағы бір рет COVID-19-ды «Қытай вирусы» деп атады, сонымен қатар Бейжің мен ДДСҰ-ның қылмыстық байланысы барын және оны «Қытайдың бақылауында» екенін қайталап айтты.

«Вирустың алғашқы күндерінде Қытай ішкі сапарларды тоқтатты, есесіне ұшақтардың Қытайдан сыртқа кетуіне және әлемді жұқтыруына мүмкіндік берді... Біріккен Ұлттар Ұйымы Қытайды оның әрекеттері үшін жауапқа тартуы керек», - деді Америка президенті.

Бұдан басқа, америкалық көшбасшы әскери сұрақты қозғады. Оның айтуынша, АҚШ әлемдегі ең күшті армия мен ең заманауи қаруларға ие.

«Бізде ешқашан мұндай заманауи қару болған емес», – деді Трамп.

Оның айтуынша, АҚШ бұл әскери күшті пайдаланбау үшін дұға ететінін айтты. Президент мемлекеттер бүкіл әлемде бейбітшілікке қол жеткізіп жатқанын, бірақ мұны күш тұрғысынан жасағанды жөн көретінін атап өтті.