08.11.2019, 23:12
Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге «Абай жолы» романын сыйлады
Омбы қаласындағы ынтымақтастық форумының ресми шараларынан кейін Мемлекеттер басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап
Фото: әлеуметтік желіден
«Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті. Қазақстан Президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының екі томын сыйлады», - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
