Мұхтар Тайжан жаңа партия құрмақшы

Жарияланған:
08.11.2019, 12:08

Бұл туралы қоғам белсендісі өзінің facebook-парақшасында жазды

Фото: 365info.kz

Мұхтар Тайжан өз жазбасында көрші қырғыз елін мысалға келтірген. Оның сөзінше, халқы Қазақстаннан 3 есе аз болса да Қырғызстанда 200-ден астам партия бар.

«Қазір біраз белсенділер партия құрамыз деп жатыр. Бұл дұрыс я табиғи нәрсе деп білем. Елімізде көп партия болуы қажет. Бізден үш есе халқы аз Қырғызстанның өзінде 200-ден астам партия бар. Ал бізде небәрі 6-7 партия ғана... Сондықтан партия құруды мен өз басым құптаймын, дұрыс. Заң жүзінде мұндай мүмкіндік ашылса, біз де достарымызбен бірге партия ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Саяси бәсекелестіктің арқасында ғана қоғам дамиды», - деп жазған М.Тайжан.

Оқи отырыңыз: Министрлермен ерегіс, жер латифундистері, митинг – Мұхтар Тайжан Ақордадан неге ашулы шығатынын айтты

Айта кетейік, Мұхтар Тайжан Ұлттық сенім кеңесінің, сондай-ақ, бұған дейін жұмыс істеген Жер комиссиясының мүшесі.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Елбасы «JP Morgan Chase International» басшысымен кездесті
Қытай АҚШ-тан озып IT- өнімдер отаны атанады
Біреу жүз доллар төледі деген пікір ақылға қонымсыз - Расул Жұмалы рұқсат етілген митинг жайлы

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.
Бүгін әлемнің бірінші және екінші ракеткалары Новак Джокович пен Рафаэль Надаль Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешінінде үлкен теннистен қайырымдылық матчын өткізеді