Елбасы Сенат төрағасымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуде депутаттардың өңірлерге жасаған сапарының қорытындылары талқыланды

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесті, деп хабарлайды elbasy.kz.

Кездесуде Сенат депутаттарының өңірлерге сапарларының қорытындылары мен жоғарғы палатаның алдағы сессияға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Мәулен Әшімбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға бағытталған бастамаларды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері туралы пікір алмасты.