Қазақстан мен Ресей президенттері жасанды интеллектіні енгізуге арналған көрмені тамашалады

Қазақстанның демо-аймағы алты негізгі бағыт: «Технологиялық ұлт», Startup City, GovTech, Aitu, көлік саласындағы жасанды интеллект және FinTech бойынша ұсынылды

Қазақстан мен Ресей президенттері жасанды интеллектіні енгізуге арналған көрмені тамашалады
Фото: Ақорда

Ресейге жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Al Journey 2026 халықаралық конференциясы аясындағы іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін паш ететін стендтермен танысты.

✔️Қазақстанның көрме алаңында «Технологиялық ұлт», Startup City, GovTech, Aitu, «Көлік және FinTech салаларындағы ЖИ» секілді алты негізгі бағыт қамтылған.

✔️Ресей тарапының экспозициясы білім беру, денсаулық сақтау, қала құрылысы, сот ісін жүргізу, мұнай өнеркәсібі және басқа да секторлардағы цифрлық шешімдерге арналған.

✔️Екі елдің салалық ведомство басшылары жасанды интеллектіні қолдану арқылы жүзеге асырылып жатқан басым жобаларды таныстырды.

????AI Journey («Жасанды интеллект әлеміне саяхат») – жасанды интеллект технологияларын әлемдік деңгейде дамыту мәселелеріне арналған дәстүрлі конференция.

????Іс-шара 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде бұл жиын ЖИ саласындағы беделді халықаралық алаңға айналды.