Тоқаев аса ауқатты адамдарға көбірек салық салуды талқылайтын уақыт жетті дейді

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Тоқаев бүгінгі Жолдауында айтты

Фото: ЖИ

Бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса ауқатты адамдарға көбірек салық салу жүйесін енгізу туралы талқылайтын уақыт жетті деді. Ол үкімет пен Құрылтайға осы мәселені зерттеп, ұсыныс енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Салық салу жүйесіндегі әділдік мәселесіне жеке тоқталғым келеді. Аса ауқатты адамдарға көбірек салық енгізу мәселесін талқылайтын уақыть жетті деп санаймын. Бірақ, бірден айта кетейін, ешкім ешкімді заңды жолмен тапқан байлығынан шектеуін деп жатқан жоқ. Бұл тіпті Конституцияның өзіне қайшы әрекет. Бұл жерде мәселе әрбір азаматтың ел дамуына қосатын әділ үлесі туралы болып отыр. Мәселе әділдікте», - деді Тоқаев.

Сондықтан президент үкімет пен Құрылтайға осы мәселені зерттеп, ұсыныс енгізуді тапсырды.