Екі тарап Ақордада кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының бұл сапары – Қазақстан мен Орталық Азияның тарихындағы тұңғыш мемлекеттік сапар.
«Осы тарихи сәтте Сіздермен жүздесіп, мемлекеттеріміз арасындағы берік достықты атап өту – мен үшін зор мәртебе. Аса мәртебелі Король Филипп, халқыңызға қалтқысыз қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Cіз Корольдік билігіне келгелі еліңіз өркендеп, әлемдік аренадағы лайықты орнын бекіте түсті. Халқыңызға адалдығыңыз және Бельгияны мекендейтін түрлі қауымдар арасындағы өзара түсіністікті нығайту жолындағы табанды еңбегіңіз Тәждің ел бірлігін сақтаудағы рөлін айқындай түседі», - деді Тоқаев.
Бұл ретте Қазақстан президенті де «Бірлігіміз – әралуандықта» деген қағидатқа айрықша мән береміз дей келе әрбір азаматтың келешегімізге атсалысқанын қалаймыз деді. Сондай-ақ президент Патшайым Матильданың ерен еңбегін ерекше атап өтіп, ілтипат танытты.
«Аса мәртебелі Патшайым Матильда, Сіз бұл сапардың мән-мазмұнын арттырып, шырайын келтірдіңіз. Сіздің балаларды қорғау, білім беру, адамның қадір-қасиетін құрметтеу мәселелеріне келгенде, ерекше жанашырлығыңыз бен қамқорлығыңызға тәнтіміз. Бұл игі мұраттар азаматтарымызды шын мәнінде сүйсінтеді, – деді Тоқаев.