«Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес»: Тоқаев екі органның жұмысындағы айырмашылықты атады

Бүгін Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтіп жатыр

«Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес»: Тоқаев екі органның жұмысындағы айырмашылықты атады
Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше құрамы белгілі болып, төрағасы тағайындалған Қазақстан Халық Кеңесі мен Құрылтайдың жұмысындағы айырмашылықты айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Сөз басында президент Қазақстан Халық Кеңесін құрудағы басты мақсат –  ұлттық сана-сезімге серпіліс беріп, жұртымызды ортақ мүддеге жұмылдыру үшін қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсу болғанын еске салды.

Яғни, Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы жалпыұлттық бірлігіміздің анағұрлым нығайып, институционалдық сипатқа ие болғанын көрсетті.

«Алайда мына нәрсені бірден түсініп алған жөн. Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес. Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды. Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ. Тиісінше, Құрылтай депутаттарының да Халық Кеңесінің жұмысына араласуға хақы жоқ. Бәрінің алдында тұрған басты мақсат: екі институт та бір-бірін толықтырып, бірлесе қызмет етуі керек», - деді Тоқаев бүгінгі сессияда.

Сондықтан президент атап өткендей,  Халық Кеңесі мен Құрылтайдың комитеттері тығыз байланыста болып, үйлесімді түрде жұмыс істеуі қажет.