Шұғыл: Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Қошановты ұсынды

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Шұғыл: Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Қошановты ұсынды
Фото: Ақорда

Президент Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйлеп, осы органды басқару үшін бұрынғы Парламент спикері Ерлан Қошановты ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бүгін, 23 қыркүйек күні Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды», - деп хабарлайды Ақорда.

Естеріңізге сала кетейік, кеше президент Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекіткен еді.