Президент ауыс-түйіс жасады: Әбдіров, Әзимова мен Смайыловтар жаңа лауазымдарға тағайындалды

Бірі Конституциялық сотты, екіншісі Орталық сайлау комиссиясын, үшіншісі  Жоғары аудиторлық палатаны басқарады

Президент ауыс-түйіс жасады: Әбдіров, Әзимова мен Смайыловтар жаңа лауазымдарға тағайындалды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар органдарда ауыс-түйіс жасады. Ақорданың мәліметіне сүйенсек, президент Конституциялық сот пен Орталық сайлау комиссиясының төрағаларын орнында қалдырған, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.

Әзимова сияқты, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы да орнында қалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.

Бұдан бөлек, президенттің Жарлығымен Әлихан Смайылов та бұрын атқарған қызметінде қалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.