Тоқаев Үндістан премьер-министрін туған күнімен құттықтап, оны Қазақстанға шақырды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Ақорда мәлім етті

Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиді туған күнімен құттықтап, оны Қазақстанға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Тоқаев оған құттықтау жеделхатын жолдаған.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің тегеурінді әрі парасатты басшылығымен Үндістан экономикалық өсім, орнықты даму және ғылыми-техникалық әлеует тұрғысынан жаһандық көшбасшылардың бірі ретінде позициясын нығайтып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті барысында көрсетілген сый-құрмет пен қонақжайлық үшін Үндістан Үкіметінің жетекшісіне ризашылығын білдірді», - деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Ақорданың ақпаратына сүйенсек, Тоқаев Нарендра Модиді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі», - деп хабарлайды Ақорда.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана, дәлірек айтқанда, 12-13 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барған еді.