Тоқаев Кореяда еңбек етіп, білім алып жүрген жастармен кездесті

Бұған дейін хабарланымыздай, Сеулде қазақ этноауылы ашылған еді 

Тоқаев Кореяда еңбек етіп, білім алып жүрген жастармен кездесті
Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда оқып жатқан және еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен емен-жарқын әңгімелесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда таратқан суреттен жас отандастарымыздың Қазақстан президентін ерекше ілтипатпен қарсы алып тұрғанын байқауға болады. Кездесу кезінде президент елімізде жүріп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы айтып берген.

«Кореядағы қазақстандықтар оқуда, қызметте қол жеткізген табыстарын тілге тиек етіп, мақсат-межелерін айтып өтті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда тұратын Қазақстан азаматтары мен студенттерге сәттілік тіледі», - деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Сеулде қазақ этноауылы ашылған болатын.