Сенбі-жексенбі де демалмайды: Тоқаевтың алдағы бес күнге арналған жұмыс жоспары жария болды

Автор: Бақыт Шынар

Президент осы демалыс күндері Үндінстанға сапарлайды

Фото: Ақорда

Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптаның соңы мен келесі аптаның ортасына дейінгі жұмыс кестесін жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың ақпаратына сүйенсек, осы сенбі-жексенбі күндері президент жұмыс сапарымен Үндістанға бармақ.

«12-13 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады», - деп хабарлайды Ақорда.

Дереккөзге сүйенсек, Тоқаев Нью-Делиде «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізіп, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездеспек. Ал 14-16 қыркүйекте Қазақстан президенті маңызды мемлекеттік сапармен Кореяда жүреді екен.  

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады. 15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер өтеді. Онда қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады. Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездеседі», - деп хабарлайды Ақорда.

Бұл сапардың соңында, яғни, 16 қыркүйек күні президент «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатыспақ.