«Адал қызмет етті»: Тоқаев бұрынғы көмекшісіне не үшін алғыс танытты

Ғизат Нұдәулетов жуырда ғана  Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босаған еді

«Адал қызмет етті»: Тоқаев бұрынғы көмекшісіне не үшін алғыс танытты
Фото: @AibekSmadiyar

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы бас прокурор, 2022-2023 жылдары өзінің көмекшісі болған Ғизат Нұрдәулетовке адал еңбегі үшін алғыс айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Президент ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты», - деп жазды президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің ресми telegram-каналында.

Айта кетейік, Ғизат Нұрдәулетовтің соңғы қызметі – Қауіпсіздің кеңесінің хатшысы болған. Биыл 31 тамызда ол бұл лауазымынан босаған.  Ал оның алдында, 2022 жылдары Қазақстан президентінің көмекшісі, 2019-2022 жылдары Қазақстанның Бас прокуроры болған.

Смадияровтың сөзіне сенсек, Тоқаев Нұрдәулетовтің кәсіби білікті маман екеніне назар аударған.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлы кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті. Сонымен қатар оның мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды», - деп жазған Смадияров.