Бүгін, 13:32
Саясат
Тоқаев биыл Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтыны белгілі болды
Президенттің жолдауы биыл қазанда өтетін болды
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жолдауын қазан айында жариялайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы президент бүгін Ақордада VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттаған кезде мәлім етті.
«Қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын», - деді президент.
Бұл сөзінің алдында Тоқаев Қазақстанда болып жатқан реформаларға тоқталды.
Президент жазда Құрылтай сайлауы өткенін еске салып, Құрылтайға кәсіби, іскер, жаңашыл азаматтар кірді деді. Сондай-ақ ол Вице-Президент тағайындалғанын, Үкіметтің жаңарғанын, Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жасақталғанын атап өтті.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды