«Шапшаң әрі ширақ қимылдау керек»: Тоқаев түркі елдерінің ішкі істер министрлерімен қалай кездесді (ВИДЕО)

Президент осы кездесуде Қазақстан Халық Кеңес ъі жоғары консультативтік орган болатынын мәлімдеген

«Шапшаң әрі ширақ қимылдау керек»: Тоқаев түркі елдерінің ішкі істер министрлерімен қалай кездесді (ВИДЕО)
Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, маңызды кездесуге ұйымға мүше бес елдің ішкі істер министрлері келген.

Атап айтқанда, жиынға Әзербайжан Республикасы Ішкі істер министрі Вилаят Эйвазов, Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрі Улан Ниязбеков, Түркия Республикасы Ішкі істер министрі Мустафа Чифтчи, Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрі Азиз Ташпулатов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қатысты.

«Біздің достығымызды бекемдей түсуге Түркі мемлекеттері ұйымы зор үлес қосуда. Қазақстан бұл беделді құрылыммен жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға баса мән беріп отыр. Ұйымға мүше елдер түрлі саладағы, соның ішінде күштік құрылымдар арасындағы өзара байланысын күшейтіп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Ішкі істер министрлерінің кездесуі айрықша маңызды екені сөзсіз», – деген Тоқаев сөз басында.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазір әлемде ауқымды өзгерістер болып жатқанын айтып, дүние жүзінде сын-қатерлер көбейді деген. Дегенмен, Қазақстан заман талабына сай шапшаң әрі ширақ қимылдау үшін Қазақстан ірі реформаларды қолға алғанын айтты. Соның ішінде, Қазақстан президенті наурыз айында Қазақстан жалпыұлттық референдум өткізіп, жаңа Конституция қабылдағанын еске салды. Конституцияға сәйкес, елімізде жаңа саяси лауазым – Вице-Президент тағайындалып, үкімет жаңарды, Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Енді көп ұзамай жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі жасақталмақ.

Осыларды айта келе президент кездесу соңында мемлекеттердің басшыларына ыстық ықыласын жолдап, түбі бір түркі елдері әрдайым достық қарым-қатынаста болуға тиіс екенін атап өтті.