Қазақстандықтар енді Қытайда емен-еркін көлік жүргізе алады

Бұл ел Қазақстанның жүргізуші куәлігін таныды

Қазақстандықтар енді Қытайда емен-еркін көлік жүргізе алады
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет»

Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, бірнеше уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, болашақта екі ел бір-бірінің жүргізуші куәліктерін өзара таниды.

«Екіжақты келіссөздердің тағы бір нәтижесі - Қазақстан мен Қытай азаматтарының ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмасу жөнінде уағдаластық болды.. Бұл екі ел азаматтары үшін тиісті рәсімдерді жеңілдетіп, өзара сапарларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

Айта кетейік, дереккөзге сүйенсек, Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов Бейжіңге сапарлаған. Біз атап өткен уағдаластықтар «Орталық Азия – Қыта»  форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кездесуі кезінде белгілі болған екен.

«Сәденов Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунмен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан-Қытай арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен бірлескен жұмыстың алдағы бағыттарын талқылады», - деп хабарлайды ІІМ.