Көшпенділер ойындары: Тоқаев ұлттық құрамаға ізгі сәлем жолдап, спортшыларға қолдау білдірді

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдердің басшыларымен бірге ашылу салтанатына қатысқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың ресми telegram-каналына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі. Мемлекет басшысы бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді, сондай-ақ ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті»,— деп жазды ол.