Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президенттің өкілеттіктері туралы жарлыққа қол қойды
Құжат Конституцияның 49-бабының 3-тармағына және тиісті Конституциялық заңға сәйкес 2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап өз күшіне енді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің өкілеттіктері туралы» жарлыққа қол қойды. Құжат Конституцияның 49-бабының 3-тармағына және тиісті Конституциялық заңға сәйкес 2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап өз күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Жарлыққа сәйкес Вице-Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты бойынша стратегиялық бастамалар ұсынып, президент атынан Құрылтай, Үкімет, халықаралық ұйымдар және саяси партиялармен өзара іс-қимыл жасайды.
Мемлекеттік кеңесші президент тапсырмасы бойынша халықаралық іс-шараларға қатысып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығын басқарады. Оның құзыретіне Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының аналитикалық және ғылыми қызметіне жетекшілік ету кіреді. Сонымен қатар ол Мемлекеттік наградалар, Азаматтық, Геральдика, Шетелде кадрларды даярлау, Әл-Фараби мен Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссиялардың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмысын қамтамасыз етеді.
Жүктелген міндеттерді орындау үшін Вице-Президент өкім шығаруға, орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма беруге, мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды сұратуға және ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға құқылы.
Сондай-ақ ол Құрылтай, Үкімет және Қазақстан Халық Кеңесінің отырыстарына қатыса алады. Вице-Президенттің қызметін ұйымдық-құқықтық және ақпараттық-талдамалық жағынан ҚР Президентінің Әкімшілігі қамтамасыз ететін болады.