Саясат Нұрбек Ғылым министрі ретінде қайта тағайындалды

Автор: Бақыт Шынар

Оның кандидатурасына Құрылтай келісім берді

Фото: gov.kz

Құрылтайдың салалық комитеті ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындау үшін Саясат Нұрбектің кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.

Кейін Ақорда оның тағайындалғаны туралы Жарлықты жариялады.