Бүгін, 13:01
Саясат
Шұғыл: Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды
Оның кандидатурасына Құрылтай келісім берді
Фото: Ақорда
Құрылтайдың салалық комитеті Мәдениет және ақпарат министрінің кандидатурасына келісім берді. Кейін Ақорда бұл қызметке Арман Қырықбаевты тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындау үшін Арман Қырықбаевтың кандидатурасы келісілді», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.
Кейін Ақорда оның тағайындалғаны туралы Жарлықты жариялады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады», - деп хабарлайды Ақорда.
Көп оқылған
02.09.2026, 11:17
«Әуел баста теріс салынған»: Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта 21 жылдан бері сол үйде тұратын әйел жауап берді
02.09.2026, 09:20
Алматыдағы фармацевт әйел Ақтөбеге мың партия трамадол жөнелтемін деп, 15 жылға сотталатын болды (ВИДЕО)
02.09.2026, 10:04
«Арада 33 жыл жатыр»: Арқалық әуежайы жемқорлар жымқырған ақшаға салынған болып шықты