Құрылтай оның кандидатурасына келісім берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ретінде Асқарбек Ертаев қайта тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құрылтай оның кандидатурасына келісім берген.
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындау үшін Асқарбек Ертаевтың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды. Комитет отырысының нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.
Кейін Ақорда оның қайта тағайындалғаны туралы Жарлықты жариялады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлады Ақорда.