Ауыл шаруашылығы министрлігін Айдарбек Сапаров басқара беретін болды

Құрылтай оның кандидатурасына келісім берді

Ауыл шаруашылығы министрлігін Айдарбек Сапаров басқара беретін болды
Фото: үкімет

Құрылтайдың салалық комитеті Ауыл шаруашылығы министрінің кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл министрлікті Айдарбек Сапаров қайта басқаратын болды.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындау үшін Айдарбек Сапаровтың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды», - деп хабарлайды Құрылтай.

Кейін Ақорда оның тағайындалғаны туралы Жарлықты жариялады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.