Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі ретінде жұмысын жалғастыра береді

Автор: Бақыт Шынар

Құрылтай оның да кандидатурасына келісім берді

Фото: оқу-ағарту министрлігі

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның кандидатурасына Құрылтайдың салалық комитеті келісім берген.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындау үшін Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.