Ақорда Арман Шаққалиевті бұрынғы лауазымына қайта тағайындады
Оның лауазымына Құрылтай келісім берді
Ақорда хабарлағандай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құрылтайдың салалық комитеті оның кандидатурасына келісім берген.
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін Арман Шаққалиевтің кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.
Комитет отырысының нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.