Су ресурстары министрі ауыспайтын болды – Нұржігітов осы лауазымға қайта тағайындалды

Оның кандидатурасына Құрылтай келісім берді

Су ресурстары министрі ауыспайтын болды – Нұржігітов осы лауазымға қайта тағайындалды
Фото: gov.kz

Құрылтайдың салалық комитеті Су ресурстары және ирригация министрінің кандидатурасына келісім берді. Ал Ақорда Нұрлан Нұржігітовтің осы лауазымға қайта тағайындалғаны туралы жарлықты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің отырысында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылған Нұржан Нұржігітовтің кандидатурасы келісілді», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.

Кейін президенттің жарлығымен ол осы лауазымына қайта тағайындалды.

«Бұл мәс Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.