Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп министрі болып қайта тағайындалды
Оның кандидатурасына Құрылтай келісім берді
Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметіне сүйенсек, мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалған.
Сондай-ақ Құрылтайдың салалық комитеті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің кандидатурасына келісім берген.
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындау үшін Ерсайын Нағаспаевтың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.