«Жақсы жұмыс істеді»: Тоқаев Бектеновті премьер-министр лауазымына қайта ұсынды

Автор: Бақыт Шынар

Оның кандидатурасына Құрылтай келісім беруі тиіс

Фото: primeminister.kz

Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті қайта тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президенттің пікірінше, Олжас Бектенов үкіметті басқарған жылдары жақсы нәтиже көрсеткен. Бұған дейін президент премьер-министрдің лауазымын талқылау үшін Құрылтайдағы фракция жетекшілерімен кездескен. 

Бүгінгі отырыста Құрылтай депутаттары оның кандидатурасына келісім беруі тиіс. 

Естеріңізге сала кетейік, Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 ж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, мамандығы – заңгер. 2019 жылғы 26 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.2022 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалды.2023 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2024 жылдың 6 ақпанынан бастап Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарып келді.