Шетел көшбасшылары Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады
Құрылтай сайлауының өтуіне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына алғашқы Құрылтай сайлауына байланысты шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсуде.
Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Мьянма Президенті Мин Аун Хлайн, ИЫҰ Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха және АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай құттықтады.