Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі

 

Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне құттықтау хатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жеделхатында Үндістанның халықаралық қатынастардағы орны елеулі екенін, сондай-ақ үлкен экономикалық жетістікке жетіп, зор ғылыми-техникалық әлеуетке ие болып отырғанын атап өтті. 

Сонымен қатар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, түрлі салада өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мол мүмкіндік бар екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.