Астанаға мемлекеттік сапармен Кипр президенті келе жатыр

Автор: Алмас Ерсін

Ресми сапар аясында бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған

Фото: Ақорда

2-4 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«3 маусым күні өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.