Тоқаев Италия президентін ұлттық мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңызын атап өтті

Тоқаев Италия президентін ұлттық мерекемен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелланы және Италия халқын ұлттық мереке – Республика күніне 80 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қазақстан мен Италия арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестіктің айрықша маңызын атап өтіп, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығы алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттареллаға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Италия халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.

Сонымен қатар ұлттық мерекеге орай Мемлекет басшысы Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониге де құттықтау жеделхатын жолдады.