ШҚО әкімі орынбасарының үкімінен кейін жұмыстан кетпек болған – алайда отставкасы қабылданбады

Оның орынбасары жуырда алты жылға сотталған еді

ШҚО әкімі орынбасарының үкімінен кейін жұмыстан кетпек болған – алайда отставкасы қабылданбады
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің экс-бірінші орынбасары, Өскемен қаласының экс-әкімі болған Жақсылық Омардың үкімінен кейін отставкаға кетуі керек еді. Алайда, Сақтағанов отставка туралы өтініш жазса да отставкасы қабылданбай қалыпты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты редакцияға ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Заң бойынша, орынбасары жемқорлықпен сотталған әкімдер он күн ішінде өз еркімен жұмыстан кету керек.

«Қазіргі заңға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тиісті тәртіпке сай, отставкаға өтініш жазды. Оның арызы қарала келе, іске қатысы жоқ екені ескеріліп, отставкасы қабылдаған жоқ», - деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар жемқорлық жасағаны үшін биыл 3 сәуір күні алты жылға сотталған болатын. Кейін ол соттың бұл шешімімен келіспей, апелляцияға берген еді. Алайда,  2026 жылдың 20 мамыры күні Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омардың ісін апелляция сатысында қарап, бірінші соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.