Тоқаев халқы жаппай Астана мен Алматыға көшіп жатқан облыс әкімдеріне ескерту жасады

Президент бұны иммиграцияның теріс сипаты деп бағалады

Тоқаев халқы жаппай Астана мен Алматыға көшіп жатқан облыс әкімдеріне ескерту жасады
Фото: istockphoto.com

Бүгін Алатау қаласының дамуы туралы кеңес өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішіндегі көші-қон теріс сипатқа ие болып бара жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Негізінен, сөз басын әр өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымның жай күйінен бастаған президент еліміздің өңір-өңірінде соңғы үш жылда 746 мың оқушыға арналған 600-ге жуық мектеп салынғанын, оның үштен бірі – «Келешек мектептері» екенін айтты. Бұдан басқа, облыс әкімдері . 813 аурухана мен 307 спорт нысанын салған көрінеді.

Бірақ, президенттің айтуынша, осындай әлеуметтік нысандар, және ең бастысы, балаларға арналған оңалту орталықтары барлық аймақта салынуы тиіс. Сондықтан, ондай нысандары аз, тіпті мүлде жоқ елді мекендердің халқы ірі қалаларға көшуге мәжбүр. Президент дәл осы құбылысты тоқтатуды сұрады.

«Осының салдарынан жұрт Астана мен Алматыға көптеп қоныс аударуда. Бұл – иммиграцияның теріс сипаттағы үдерісі. Барлық әкімдер осы шаруамен тиянақты айналысуы керек. Президент Әкімшілігі бұл жұмысты қадағалайды», - деді Тоқаев.