Тоқаев пен Путин «Достық» аллеясына барып, емен екті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Емен екі ел арасындағы өзара құрмет пен берік достықтың белгісі дейді Ақорда

Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Астанада емен екті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Екі президент Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті. Емен ағашы екі мемлекет арасындағы өзара құрмет, берік достық және сан қырлы ынтымақтастық символы ретінде егілді», - деп жазылған Ақорданың ақпаратында.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Қазақстан «Балқаш» АЭС құрылысы үшін Ресейден 16 млрд доллар көлемінде несие алады.