Екі президент «Астана-Мәскеу» автобағытын іске қосты
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин жүргізуші басқармайтын жүк көліктерінің «Астана-Мәскеу» автобағытымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президенттердің алдында бұл жобаны екі елдің көлік министрліктері «КамАЗ» жария акционерлік қоғамымен бірлесіп іске қосқан.
Жүк көліктері «Жаңа жол» өткізу бекеті арқылы Қазақстан-Ресей шекарасын бір уақытта кесіп өтіп, межелі пунктке қарай сапарын жалғастырды.
Жүргізуші басқармайтын көліктердің бұл қозғалысы алғаш рет осындай форматта үш мың шақырымға жуық қашықтықты екі тәулікте жүріп өтіп, сапар уақытын екі есе қысқартты.