Президент Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру бағытында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан ары дамыту жайында есеп берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.