Тоқаев әлем құбылып тұрғанын еске салды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйлей отырып, түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы өте маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз халықаралық геосаяси ахуал аса күрделі және құбылмалы дәуірді бастан өткеріп жатырмыз. Әлемдік және аймақтық деңгейдегі бәсеке күшейіп барады. Қарулы қақтығыстар, соғыстар толастар емес. Мұның бәрі әлем экономикасына кері әсер етіп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Таяу Шығыстағы жағдайдың салдарын көршілес аймақ елдері де сезіне бастады. Осындай алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды», - деді Тоқаев.
Қазақстан президентінің пікірінше, қазір түркі елдері заман талабын ескеріп, экономика және инвестиция саласындағы ықпалдастықты нығайтып, ортақ мүдде жолында күш жұмылдыруға тиіс.