Түркия президенті Қазақстанға келеді

Автор: Алмас Ерсін

Режеп Тайип Ердоған 13 мамыр күні Астанаға ұшып келеді

Фото: Ақорда

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Екі елдің көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалы мен болашағын талқылайды. Сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

15 мамыр күні бағдарлама Түркістанда жалғасады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, онда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді. Кездесудің негізгі тақырыбы жасанды интеллект пен цифрлық даму болмақ.