20.07.2020, 16:03
Саясат
Ауыс-түйіс: Асқар Жұмағалиев пен Бағдат Мусин қызметінен босатылды
29 маусымда Мемлекет басшысы Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиевке ескерту жасады
Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды.
Еске сала кетейік, 10 шілде күні Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев екі аптадан кейін жағдай (пандемия) түзелмесе, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайтынын айтқан.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)