«Қазақмыс» қожайыны Лос-Анджелестегі үйін $30 млн-ға сатқалы жатыр
Эдуард Огай бұл зәулім үйді әйелімен бірге 2014 жылы $40 млн-ға сатып алған.
Қазақстандық олигарх, «Қазақмыс Холдингі» директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай Лос-Анджелестегі зәулім үйін $30 млн-ға сатылымға қойды. Бұл туралы американдық Variety басылымы жазды. Үй Лос-Анджелестің ең қымбат деп саналатын Беверли Парк ауданында орналасқан. Мұнда Силвестр Сталлоне, Эдди Мерфи, Кимора Ли Симмонс, Мэджик Джонсон, Род Стюарт, Самнер Редстоун секілді әлемнің танымал тұлғалары тұрады. Басылымның хабарлауынша, Эдуард Огай бұл зәулім үйді әйелімен бірге 2014 жылы $40 млн-ға сатып алған.
«Лондон қор биржасына тіркелген «Қазақмыс» қожайынының жылдық табысы 3 млрд долларға бағаланған. Огай қымбат бағалы минералдарды иелену бойынша Шығыс Еуропада көш бастап тұр», - делінген басылымда.
Үйін сатқаннан кейін Огайлар отбасы қайда бет алатыны нақты белгісіз. Мүмкін бұрын тұрған Лондонға қайта қоныс аударуы мүмкін. Себебі, «мыс алыбының» тұманды Альбионда да салтанатты резиденциясы бар.