Жәленов бүгін Ақордада цифрландыру туралы есеп берген
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Бинұр Мұратұлы Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы Ақорда жазған.
Ал, әлеуметтік желіде белсенді Бинұр Жәленовтің өзі болса бүгін таңертең ғана әлемдік университет – Гарвард оқу орнынан шақырту алғанын көрсетіп, елінен сүйінші сұраған еді. Ол сондай-ақ бүгін Ақордаға барып, банк жүйелерін цифрландыруға қатысты есеп бергенін де жазған.