$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Референдум күні үгіт-насихат жүргізгендерді қандай жаза күтеді – Бас прокуратура түсіндірді (ВИДЕО)

Прокуратура тыныштық күнінің тәртібін де еске салған

Референдум күні үгіт-насихат жүргізгендерді қандай жаза күтеді – Бас прокуратура түсіндірді (ВИДЕО)
Фото: Бас прокуратура

2026 жылдың 14 наурызы (тыныштық күні) мен 15 наурызы күні референдум туралы үгіт-насихат жүргізген тұлғалар Әкімшілік кодекстің 102-бабы бойынша жазаланады. Бұл туралы бүгін қазақстандықтарға үндеу жасаған Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов мәлім етті Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал бойынша республикалық референдум өтеді.  

«Қазір азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан референдумға байланысты үгіт жүріп жатыр. Бұл Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 7-бабының 1-тармағы, бұдан әрі – Конституциялық заңына сай әрекет. Ал, Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағына және Референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сай 2026 жылғы 14 наурыз сағат 00:00-де үгіт-насихат аяқталады. Сондықтан, референдум қарсаңындағы күні мен референдум өтетін күні, яғни 2026 жылғы 14 және 15 наурызда үгіт жүргізуге тыйым салынады», - деді Өтегенов.

Сонымен қатар, Бас прокурордың орынбасары еске салғандай, бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, референдум нәтижелеріне болжамдарды, референдумға байланысты өзге де зерттеулерді жариялауға болмайды.

«Референдум күні дауыс беретін орындарда қоғамдық пiкiр туралы сауалнама да жүргізугі болмайды. 2026 жылдың 14 және 15 наурызы күндері үгiт жүргізгендер  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша жазаланады», - деп хабарлайды Бас прокуратура.